|
Басқармасы туралы
«ШҚО ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ» ММ ҚҰРЫЛЫМЫ
32 бірлік

«Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиті мен құрылымының кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 518 қаулыға өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 199 қаулысына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап «ШҚО құрылыс басқармасы» ММ штат лимитінің саны 3 бірлікке ұлғайтылып, 32 бірлік болды.
«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 4 мамырдағы № 573 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 286 қаулысына сәйкес «ШҚО құрылыс басқармасы» ММ құрылымы мен Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Басқарманың құрылымда жаңа бөлім - мемлекеттік сатып алу бөлімі құрылды.
Жалпы ережелер
1. «ШҚО құрылыс Басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі «Басқармасы») құрылыс мәселелері жөніндегі мемлекеттік басқару функцияларын орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
2. Басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқармасы құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі болып табылады. Басқармасы құрылымы мен шекті штат санын облыс әкімдігі бекітеді.
4. Басқармасы заңды тұлға болып табылады, дербес балансы, оған жедел басқару құқығында берілген жеке мүлкі, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкісі, сондай-ақ Қазынашылық басқармасында заңнамаға сәйкес шоттары бар.
Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Басқармасы облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
6. Басқармасы атауы: «Шығыс Қазақстан облысының құрылыс департаменті» мемлекеттік мекемесі.
7. Басқармасы заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Ушанов көшесі, 27.
Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
8. Басқарманың негізгі міндеттері:
1) тұрғын үй құрылысын және сейсмикалық нығайтуды дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
2) облыстың, қалалар мен аудандардың әлеуметтік экономикалық дамуының жобаларын әзірлеуге және келісуге қатысу;
3) әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-шаруашылық және тұрғын үй-коммуналдық маңыздағы нысандар салу және қайта құру.
9. Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) пайдалануға берілетін нысандарды (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте салынып жатқан (салыну жоспарланып отырған) объектілерге және кешендерге мониторинг жүргізу;
3) коммуналдық меншіктегі тазарту құрылыстарын салу мен пайдалануды ұйымдастыру;
4) облыстық коммуналдық меншiк объектiлерi мен әлеуметтiк-мәдени маңыздағы объектілерді салу, қайта құру және жөндеу бойынша тапсырысшы болады;
5) әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша жергілікті маңыздағы нысандарды құруға (аумақтарды салуға) қала құрылысы және басқа да жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаларды қарастыру және бекіту;
6) бейбіт және соғыс уақытында облыстық инженерлік қызметтермен азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардағы арнаулы іс-шараларды орындау;
7) Басқарма өзіне жүктелген міндеттерден туындайтын және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін, сондай-ақ облыс әкімдігі оған арнайы жүктеген басқа да функцияларды орындайды.
10. Басқарма өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және міндеттерін орындау кезінде мынадай құқықтарға ие:
1) коммуналдық меншіктегі құрылыс нысандарының жұмыстарын жетілдіру және жақсарту жөніндегі мәселелер мен ұсыныстарды облыс әкімдігінің қарауына енгізу;
2) Басқарма өзі мемлекеттік органы болып табылатын ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемелердің қызметін тексеруді жүзеге асыру;
3) Басқарма Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасынан туындайтын басқа да құқықтарды пайдаланады.
«Шығыс Казакстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
|